Жылдамдық тесті

0
М/С
0
Қателер
00:00
Уақыт

Кеңестер

Пернетақтаға қарамауға тырысыңыз. Олай ету алғашқыда қиын болғанмен, жаттығулар арқылы үйренген сайын, ол сізге оңай бола бастайды және сіз саусақтарыңыз қай пернемен байланысатыны туралы саналы түрде шешім қабылдамай-ақ қозғала бастайды.
Мәтін теруді үйрену барысында, қандай саусақты пайдаланатыныңызды көру үшін, пернетақтаға қараңыз. Қателесуден еш қорықпаңыз – олай болғанның өзінде, бағдарлама сізге пайдалануға дұрыс пернені көрсетеді. Перне дұрыс басылса, жасыл түс, дұрыс емес басылса, қызыл түс жанады.
Жаңа үйренген білімді тез арада күнделікті компьютермен жұмыс жасағанда пайдаланған жөн, мәтін теруді үйренудің басқалай жолы жоқ.
Кесте құрыңыз. Жылдам теруді үйрену кестесін құрмасаңыз, алған біліміңізді тәжірибеде пайдаланбауға сылтау табу оңай болып кетеді.
Жіберген қателердің санынан жаңылмай бақылап отырыңыз және мәтінді теруде жылдамдықтан гөрі кейінгі тесттердегі қателерді қысқартуға мән беріңіз. Соңғы нәтиже – өнімділіктің артуы болып табылады.
Пернелерді ақырын атауларын айту арқылы басып көріңіз. Қателердің салдарынан еңсеңіздің түсуіне жол бермеңіз; сенсорлық теру – тәжірибе арқылы келетін дағды.
Сабырлы болыңыз. Пернелерді басудың дұрыс үлгілерін үйренген соң, мәтін терудегі жылдамдық пен дәлдік өзінен-өзі пайда болады.
Тек пернені басуға қажет саусақты ғана қозғалтыңыз. Басқа саусақтардың басты қатардағы өздеріне арнаулы пернелерінен ауытқып кетпеулерін қадағалаңыз.
Саусақтарыңыз басты қатардағы өз пернелерінде болуы тиіс және қолыңыз пернетақтаның бұрышында майысуы тиіс. Білекті босаңсытпаңыз да, стол мен пернетақтаның үстіне қоймаңыз.
Мәтінді теру дағдыларына көңіліңіз толмайынша, әрбір жатығуды бірнеше рет қайталаңыз.
Пернелерді соқпаңыз. Мүмкіндігінше аз күш жұмсауға тырысыңыз. Сөздерді тергенде арасындағы үзілісте он саусақтың барлығын пернетақтаның үстіне қойып, қолыңызды демалдырып тұрыңыз.
Қолды демалдырғанда пернетақта іске қосылып кетпес үшін, он саусақтың барлығын бір мезгілде пернетақтаның кез-келген жеріне қойыңыз.
Әр пернетақтаның символын бір саусақпен жеңіл, бірақ дәл баса отырып, көршілес пернелердің абайсызда басылып кетпеулерін қадағалаңыз.
Авто-қайталауды белсендіру үшін, қажетті пернені басып ұстап тұрыңыз. Авто-қайталауды тоқтату үшін, саусағыңызды көтеріңіз.
Мәтін теруге арналған ойындар – теру жылдамдығы мен дәлдігін жақсартатын қызықты әдіс! Рахатыңызға үйреніңіз!
Саусақтарды үйлестіруге және стрессті төмендетуге арналған жаттығулар шаршауды басып, сіздің жиі күлімдеуіңізге себеп болады. Тамаша көңіл-күй мен жағымды жағдай үйренуді көңілді етеді.
Сіз әр сабаққа кем дегенде 30 минут уақыт бөлетініңізге көз жеткізіңіз.
Үйрену кезінде саусақтарыңыз мейілінше бастапқы күйге жақын тұрғанына көз жеткізіңіз және қолыңызды мейілінше аз қозғалтыңыз.
Қате жібермей мәтін теруді үйрену мүмкін емес – сол үшін пернелерді дұрыс баспай қалсаңыз, ұнжырғаңыз түспесін.
Тұрақты жылдамдықпен теріп көріңіз.
Саусақтарыңыз жоғарыдан төменге қарай жылжитындай және пернелерді тез әрі дәл басатындай білегіңізді сәл көтеріңіз.
Жоғарғы/төменгі регистрге өту үшін әрқашан қарама-қарсы қолыңызды пайдаланыңыз. Ескерту: Кейбір ноутбук пернетақталарында әріптер бір-біріне жақын орналасуы мүмкін.
Пернетақтамен ара қашықтықты тексеріңіз. Кең тараған мәселені – пернетақтаға тым жақын отыру жағдайының алдын-алу үшін орындықты туралаңыз. Көзге шағылысуды мейілінше кеміту үшін, монитордың бұрышын реттеңіз.
Неғұрлым көбірек машықтансаңыз, соғұрлым жақсы теріп, жылдамдығыңыз да артады.
Әріп не цифрдың пернетақтада қай жерде орналасқанын білмесеңіз, сіз оны төмен қарамайынша баса алмайсыз.
Неғұрлым көбірек жаттықсаңыз, соғұрлым жақсырақ теретін боласыз және жылдамдығыңызды да арттырасыз.
Пернетақта ыңғайлы және саусақтарыңызға дұрыс биіктікте орналасуы қажет.
Мәтін теру жылдамдығын тексеруге кіріспес бұрын, тік отырғаныңызға, аяғыңызды еденге қойғаныңызға көз жеткізіп алыңыз. Шынтақты денеге жақын қойып, білезікті тура, білекті түзу ұстаңыз және жүйелі үзіліс жасап тұруды да ұмытпаңыз.
Денені босаңсытатын жаттығулар: екі қолдағы саусақтар арасын мүмкіндігінше ашыңыз. Қолдарыңызды осылай бес секунд ұстаңыз да босатыңыз. Бұл әрекетті жалпы үш рет қайталаңыз.
Ұдайы түрде теру жылдамдығыңызды тексеріп тұрыңыз – біздің бағдарламамен үйрену барысында сіз теру жылдамдығы мен дәлдікті бақылай аласыз. Бір минуттағы сөз саны сіздің теру дағдыңыздың деңгейін білдіреді.
Тесттер екі параметрді - жылдамдық пен қателер санын өлшейді. Сондықтан, біздің теру жылдамдығын өлшейтін тестімізден өтерде жылдамдығыңызға ғана сенуге болмайды.
Пернетақта тым жоғарыда орналасқан болса (немесе орындық тым төмен), қателер әдетте, пернетақтаның жоғарғы жолдарында болады. Пернетақта тым төмен болса (немесе орындық тым жоғары), қателер әдетте пернетақтаның төменгі жолдарында болады.
Босаңсытатын жаттығулар: Қолыңызды барынша жазып, екінші қолмен саусақтардың үстімен артқа және төменге қарай басыңыз. Осы қалыпта бес минуттай тұрыңыз да, қолыңызды босатыңыз. Осыны әр қолыңызға үш рет қайталаңыз.
Минутына ~ 50 сөз теретін жылдамдыққа жету үшін бір немесе екі апта қажет болуы мүмкін. Сабырлы болыңыз.
Тестке кіріспес бұрын білезік пен саусақтарыңызды жазып сергітіп алыңыз.
Мәтінді оңай тергіңіз келсе, ептілігіңізді жетілдіруге тиіссіз. Қолды қимылға келтіру үшін гитара немесе басқа да аспаптарда ойнаған пайдалы.
Босаңсытатын жаттығулар: Екі қолды созыңыз, саусақтарыңызды жинап, алақаныңызды білезіктен айналдырып шеңбер жасаңыз. Бес рет бір бағытқа, бес рет қарама-қарсы бағытқа шеңбер жасаңыз.
Достарыңыз және отбасыңызбен чатта сөйлесіңіз..
Әр сабақтан соң жылдамдық тесті арқылы өзіңізді тексеріп көріңіз.
Жылдам теруді үйрену кезінде, тұрақты сабақ кестесін ұстанған өте маңызды, әйтпесе, саусақтардың бұлшықет жадысы жоғалуы мүмкін.
Босаңсытатын жаттығулар: Қолыңызды алақанды төмен қаратып созыңыз. Біреуді тоқтататын сияқты етіп алақаныңызды көтеріңіз. Бір алақанмен екінші алақанды басыңыз. Осылай 5 секундтай қысып тұрған соң жіберіңіз. Осы әрекетті жалпы есеппен әр қолға үш рет қайталаңыз.
Мәтінді пернетақтаға қарап тез теруді үйренсеңіз, сізде кейін де орфографиялық қателер мен шынайы жағдайларда айтумен теруге байланысты қиындықтар болуы мүмкін. Өйткені, сіз экрандағы қателерді көрмейсіз.
Мәтін теріп жатқанда қолыңызды сүлгімен жабыңыз.
Сенсорлық теруді үйренуден бұрын, баяу теріп, бүкіл пернетақтаны есіңізге сақтап алыңыз.
Мәтін теру сізге ауырсыну туғызатын болса, дереу тоқтатып, үзіліс жасаңыз.
Егер сіз жұмыс кезінде үйреніп жатсаңыз, жұмыс берушімен тыныш уақыт аралығын келісіп алыңыз – жұмыс беруші сіздің жаңа дағдыңыздан тікелей пайда көретін болады.
Ұзақ уақыт бір қалыпта болудан аулақ болыңыз. Мүмкіндігінше, бір күндегі тапсырмаларды түрлендіріп бөлген жөн.
Мәтін терумен айналысу кезінде сізге үзілісті еске түсіретін бағдарламаны пайдаланған дұрыс.
Босаңсытатын жаттығулар: Алақаныңызды төмен қаратып, қолды жаныңызға созыңыз. Білегіңізді алақаныңыз салбырап тұратындай етіп босаңсытыңыз. Екінші қолыңызбен демалдырып жатқан қолды басыңыз. Осындай қысымда 5 секундтай ұстап тұрыңыз да жіберіңіз. Осы әрекетті әр қолыңызға үш реттен қайталаңыз.
Соңғы жылдары компьютерді пайдалану жұмыста да, үйде де артқандықтан, пернетақтада жұмыс жасау “туннельдік синдром” туғызуы мүмкін.
“Туннельдік синдромның” пайда болу қаупін азайту үшін, сіз дұрыс дене қалпын ұстануға тырысуыңыз, теру техникасын қадағалауыңыз, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, уақтылы үзіліс жасап тұруыңыз қажет.
Білезік, шынтақ, пернетақта бірдей көлденең жазықтықта және қолдың жоғарғы бөлігіне 90 градус бұрышта болуы тиіс. Экранның жоғарғы шеті көз деңгейінде болуы керек.
Терген кезде пернетақтаға қарамаңыз. Тек «басты қатардың» белгілерін тауып алу үшін саусақтарыңызды жылжытыңыз. Пернелерді тарсылдатпаңыз. Мейілінше аз күш жұмсауға тырысыңыз.
Жақсы нәтиже мен дағдылардың жетілуі сіздің осы курсты аяқтаған соң сенсорлық теру әдісін ұстануға тырысатыныңызға байланысты. Сенімсіздік білдіргендерге мына жәйтті есте ұстау қажет – бірнеше аптадан соң үйренуге кеткен уақытты өнімділіктің артуы арқылы өтеп аласыз.
Сіз сондай-ақ, Ctrl мен Alt пернелерімен бірге негізгі пернелерді пайдалануды үйренуіңіз керек - бұл пернелер тіркесімі үшін өте пайдалы болып табылады.
Нақты өмірлік жағдайлардағы тәжірибе сіздің әрі қарай дағдыларыңызды жақсарту және өз-өзіңізге сенімділікке жеткізудің тамаша тәсілі болып табылады.
«Теру жылдамдығын тексеру тесттерімен» жаттығу үшін арнайы кесте құрыңыз.