-
Иә
-
1) Тіркелсеңіз, жетістіктеріңіз бен оқу тарихыңызды бақылауға мүмкіндік беретін ақпарат беріледі.
2) Шағын жарна төлеу арқылы жарнамасыз үйренуге болады.
-
Шағын жарналық төлем жасаған соң, сіздің аккаунтыңыздан жарнамалық хабарламалар алынып тасталады. Сабырлық танытыңыз, бұл процесс қолмен орындалады.
-
Сіз мынадай жолдармен көмектесе аласыз – 1) сізге не ұнайтыны, не ұнамайтыны туралы пікір жазыңыз;
2) үйрету процесін қалай жақсартуға болатыны жөнінде идеяларыңызбен бөлісіңіз (және кез-келген басқа ұсыныстар);
3) жоба туралы достарыңызға айта жүріңіз (әлеуметтік желілерде біздің парақшамызға сілтеме қойыңыз, https://www.facebook.com/TouchTypingStudy бетімізге қосылыңыз).
-
Сенсорлық теру дағдыларын меңгеруге қажет уақыт көбінесе өзіңіздің жеке қабілетіңізге байланысты. Сондай-ақ, жүйелі жаттығулардың да маңызы зор. Жақсы нәтижелерге жету үшін, күніне бір сабақтан орындауға тырысыңыз.
Есіңізде болсын, барлық әріптердің орындарын білу әлі тез теру дегенді білдірмейді. Саусақтарыңыз белгілі қозғалыс үлгілерін есте сақтауы, әр перненің орналасқан жерін ойланбай-ақ, пернетақтаға қарамай-ақ, өздіктерінен табатындай «қозғалыстардың бұлшықет жадысын» дамыту қажет. Қозғалыстардың автоматтылығы көптеген қайталанулардан соң пайда болады. Есіңізде болсын, кемелденуге жетудің жолы – бұл үнемі жаттығулар орындау.
-
WPM көрсеткішін өлшеу үшін, бағдарлама сіздің бір минутта терген сөздерін санайды. Кеңістік пен тыныс белгілерін қосқанда 1 сөз = 5 таңба.
-
Техникалық жағынан сізге тек Интернет байланысы қажет. Дегенмен, сізге сондай-ақ, сенсорлық теру біліктілігін арттыру үшін ынта мен ниет те қажет болады.
-
Мәтін теруге кіріспес бұрын, Caps Lock (бас әріптерді қосу) пернесі қосылып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Caps Lock қосулы болғанда бағдарлама сізден бір мезгілде қажетті перне мен Shift пернесін басуыңызды сұрайды.
-
Саусақпен теруді үйрену саусақпен теру дағдысын дамытуды қалайтын кез-келген адамға арналған. Саусақпен теру – бұл пернетақтаға қарамай теруге мүмкіндік беретін дағды.
-
Иә, Саусақпен теруді үйрену курсы дислексиямен ауыратындар үшін де тиімді. Саусақпен теру дағдысы мұндай адамдарға дислексиясы жоқтармен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтар береді. (Дислексиямен ауыратын кейбір адамдарда қолмен жазылған мәтінмен қиындық туындайтындықтан, басылған мәтін оларға жылдамдық та, оқылымдылық та тұрғысынан едәуір пайда береді.) Әрине, мәтін компьютерде болуы да үлкен артықшылық, себебі онда емле тексеруді пайдалануға болады!